Текст
2020 жылдың 3 шілдесінде Мерей "Біз бақытты баламыз" атты челленджде ересек "Сказка" тобының балалары қатысты. Топ тәрбиешісі Харькова С.В. балалармен өз Отаны, тұратын Республика, отбасы туралы әңгіме жүргізді. Бақыт деген не және қалай бақытты болуы мүмкін екенін айтты. Кейін тәрбиеші балаларға олардың түсінігінде бақытты болу дегенді салуды ұсынды. Тәрбиеші бояулармен сурет салу техникасы туралы еске салды. Балалар өз эмоцияларын қағазға көшірді. Жұмыстар дайын болған кезде, балалар бір-біріне көрсетіп, әсерлерімен бөлісті.