Наурыз мейрамы – Қазақстанның көктемгі жаңару мерекесі. Шығыс күнтізбесі бойынша Наурыз мейрамы жаңа жылдың басы және көктемгі күн мен түннің теңелуіне сәйкес келеді.
Қазақтар үшін бұл мереке көктемгі жаңарудың, махаббаттың, құнарлылық пен достықтың салтанат құруының символы болып табылады. Ертеде Наурыз мейрамы келмей тұрып үйлерін, шаруашылықтарын ретке келтіріп, мереке құрметіне ағаштар мен гүлдер отырғызатын. Наурыз мейрамы таза үйге иесі жақсы кірсе, ауру-сырқау, сәтсіздік, қиыншылық оның жанынан өтеді деп есептелген. Мерекенің келуімен қазақтар мерекелік киімдерін киіп, бір-біріне қонаққа келіп, құттықтауларын айтып, келер жылдың берекесін тілейді. Біздің қазақ жеріне көктем мерекесі Наурыз келді.
Ойын-сауықта балаларды қазақтың ұлттық ойындары, әндері, билері, тақпақтары арқылы қазақ мәдениетінің ұлттық нақышымен таныстыру, «Сырға салу» ырымын, қонақтар мен батырлардың келуімен таныстырды. Мереке кезінде балабақшада мейірімділік, көңілділік пен қуаныш атмосферасы орнады. Мерекелік шараға қонақтар шақырылды.