Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Шантобе кентінің "Мерей" №6 балабақшасы " мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Детский сад №6 "Мерей" посёлка Шантобе при отделе образования по городу Степногорск управления образования Акмолинской области

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Балабақшада дене тәрбиесін сауықтыру бағытында қамтамасыз ету» тақырыбында педагогикалық кеңес өткізілді.

01.02.2018

Балабақшада дене тәрбиесін сауықтыру бағытында қамтамасыз ету» тақырыбында педагогикалық кеңес өткізілді.

Мақсаты: Педагогтардың мектеп жасына дейінгі балаларды сауықтыру бойынша білімдерін жүйелеу Міндеттері:

1.     Дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарын жүйелеу, МҰ-да дене шынықтыру, сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыруда қолданылатын әдіс-тәсілдердің тиімділігіне талдау жасау.

2.     Салауатты өмір салтын және дене шынықтыруға тәрбиелеу негіздерін қалыптастыру бойынша әлеуметтік өзгерістер мен заманауи талаптарды ескере отырып, педагогтардың білімдерін кеңейту.

3.     МҰ-да дене шынықтыру-сауықтыру жұмысын ұйымдастыру кезінде жаңа инновациялық технологияларды қолданудың тиімді түрлерін қарастыру.

4.     Педагогтардың шығармашылық әлеуетін дамыту.

Өткізу формасы: интерактивті сөйлесу

Біз анықтадық: денсаулық дегеніміз – бұл дұрыс тамақтану, жүйелі қозғалысты белсенділік, стресс жағдайларының болмауы т.б. көптеген жағдайлар. Ең бастысы, өзімізгі қатысты және мектепке дейінгі мекеме жағдайында бұл жұмысты  қалай сауатты ұйымдастыруға болады.

Балабақшаның негізгі мақсаты – баланы өз бетінше өмір сүре білуге дайындау.

«Денсаулық – бұл әркім өзі бағындыратын шың» - дейді шығыс мақалы.

Педагогтардың міндеттері – балаларды осы шыңды бағындыра білуге үйрету.

Денсаулық мәдениеті өз ағзаңа зиян келтірмей, пайда келтіру арқылы өмір сүре білумен анықталады. Сондықтан дені сау азаматты өсіруден зор міндет жоқ. Ата-аналардың баланың денсаулығын сақтауға үлесін анықтау және оларды мектепке дейінгі мекемеде салауатты өміт салтын ұстануға тарту мақсатында «Отбасында баланың

денсаулығын сақтау және күшейту» тақырыбында сауалнама жүргізілді. Педагогикалық кеңес барысында балабақшада дене шынықтыру жұмысын жүйелі түрде ұйымдастыру мақсатында ұстанатын негізгі тұжырымдар жасалды. Спорттық серуенді өткізу бойынша дене шынықтыру нұсқаушысы Л.Л. Ященкомен әдістемелік ұсынымдар берілді.

Баланың денсаулығын сақтау ісінде оң нәтижелерге жету үшін, балабақшамен қатар отбасында дене шынықтыру сауықтыру жұмыстары бойынша кешенді мақсатты жүйе қажет.


Просмотров: 344


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст