Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Шантобе кентінің "Мерей" №6 балабақшасы " мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Детский сад №6 "Мерей" посёлка Шантобе при отделе образования по городу Степногорск управления образования Акмолинской области

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Музыка отбасына қалай келеді

26.02.2018

Музыка отбасына қалай келеді

         

Глинка, Чайковский, Моцарт... әркімге аттары әйгілі. Кім оларға данышпан жолын таңдаған: табиғат па, ата-аналар ма әлде педагогтар ма? Біз: « Әке жолын қуған, әйтпесе онда музыканы түсіну қабілеті жоқ еді » дегенді естиміз. Бұл қабілеті жоқ балаларға айқындалатын себептердің таралған формуласы деуге болады. Бірақ педагог-музыканттар музыкалық қайраткерліктің лебізі әрбір адамда бар деген пікірге келді.

  Табиғат адамдарға дарын сыйлаған. Ол бәрін берді, қоршаған әлемді тыңдау, есту, көру, сезу. Бала анасының құрсағында жатқанда оның дауысын естиді және оның дауысын біледі. Туғаннан бірінші күннен бастап баланың маңайын әртүрлі көп дыбыстар қоршайды: өзінің дауысы, жануарлар мен құстар дауысы, жақын адамдардың дауыстары, ағаштардың, жапырақтардың, жаңбыр, желдің шуылдарын... одан әрі қарай көмекке сүйікті ойыншықтар келеді: сылдырмақтар,неваляшкалар... т.с.с. екі жасқа толғанда жалықтыратын сылдырмақтардың орнына нағыз музыкалық аспаптар келеді.

  2- ден 3 жасқа дейінгі кезеңде сәбиді ән-күй аспаптарымен таныстыратын нағыз ұтымды кезең. Дабыл, өте сенімді де тамаша аспап. Балаға дабылды алақанымен ұрып, саусақтарымен қағуға ұсынылады. Дабыл таяқшаларын қаққызып шығыңыз, бұнымен дыбыстарды қабылдайтын диапазонын кеңейтесіз және одан әрі қарай қолымен епті іс жасауға қызығушылығын оятасыз. Шашақ- бұл дабылдың күрделенген нұсқасы-соғуға да қоңыраулауға да

болады. Бөбекке әуенге қалай ілесуге болатынын көрсетіңіз. Көп нұсқалар : 1. күшті үлеске қағу; дауысты дыбыстарды созып айтқанда шашақтарды дірілдету.Осы музыкалық аспаптарда қарқын дегеніміздің не екенін көрсеткен дұрысырақ. Бөбектер қадамдармен ассоциацияны жақсы қабылдайды: «Топ...топ...топ...» - баяу қадам, «Топ...топ...топ...» - кідіріссіз кәдімгі қарқындағы қадамдар, «Топ...топ...топ...» - тез жүгіреміз. Келесі қадам- дыбыс пен ырғақтың әртүрлі ұзақтығын көрсету. Сол қолмен ақырын және ырғақты / екі секундта бір рет/ дабылды , сосын оң қолыңызды қосасыз / әрбір секундта/. Сол қолмен бір қағып, оң қолмен екі қағасыз. Енді бөбекке өзіңіздің сол қолыңызды «ауыстыруды» ұсынасыз. Әуелі алақанын сіздің қолыңызға қойып

ырғақты сезінсін, сіз ептеп өз алақаныңызды аласыз... Әрі қарай «партитурамен» ауысасыздар, жылдамдатасыздар немесе қарқынды бәсеңдетесіздер.

  Баланы қасықтармен таныстырыңыз. Оларды сатып алып керек жоқ, әрбір үйде ағаш қасықтар болады. Қасықтарды сырт жағымен ыңғайлы болу үшін есепшілік резеңкемен қыстырыңыз. Қасықтарды қыстырылған тұстарынан ұстау керек, тым қатты қыспай, әйтпесе,қатты қысылса олардан дыбыс шықпайды. Балаларға қасықты ұстау оңайға түсе қоймайды, өйткені олар сылдырмақ ұстап үйренген. Қолдарын ептеп босаңсыту қажет болады. Қасықтардың дыбыс беруі халық әуендерімен, әнді-саздарымен ұйқасады.           

 

Просмотров: 285


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст