Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Шантобе кентінің "Мерей" №6 балабақшасы " мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Детский сад №6 "Мерей" посёлка Шантобе при отделе образования по городу Степногорск управления образования Акмолинской области

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Балабақшаға мәдениет керек пе? Н. И. Петрова «№ 6 «Мерей» балабақшасы» МКҚК әдіскері

11.02.2019

Мектепке дейінгі ұйымдарда балаларды дамыту, тәрбиелеу, оқыту тәжірибесі мол, оның жағымды жақтары көп, алайда тоқырау жылдары педагогтар еңбегінің мәдениетіне көлеңке түсірді. Сапасыз, тіпті мүлде қажетсіз әдебиеттің таралуы, халқымыздың көпғасырлық дәстүріне сай келмейтін америкалық әдістемені қолдану, телевизиядағы артық ақпарат толқыны – мұның бәрі балабақша мәдениетіне әсерін тигізбей қоймады.

Біздің ойымызша, «мектепке дейінгі тәрбие» деген дәстүрлі тұжырымдаманы «мектепке дейінгі білім беру» дегенге ауыстыру мектепке дейінгі ұйым жағдайын жақсарта қойған жоқ. Педагогтардың үлкен легі технология тасқынында жоғалып барады. Жаңалықтың, мектеп талаптарының артынан қуып жүргенде басты нәрсе – мектепке дейінгі бала тұлғасын қалыптастыру екінші орынға шығып қалды. Дәл осы кезеңде баланың жан дүниесіне туған тіліне, табиғатқа деген сүйіспеншілікті, салт-дәстүрді, аға буынды сыйлау сезімін құйған маңызды.

Балабақша мәдениеті тәрбиеленушілердің отбасымен, баланың қызығушылығын қалыптастыратын базамен табысты жұмыс істеудің шарты болып табылады.

 

Біздің балабақша базасында балаларға этикалық-адамгершілік тәрбие беру жөніндегі сабақтар жүйесі әзірленді. Арнайы сабақтар керек пе, оған күн тәртібінде қандай орынды бөлу керек деген мәселелер жөнінде көптеген дау-талас болды. Тәрбиешілер мұндай сабақтарды өткізуге дайын болған жоқ. Алайда осы жұмысты жүйелі түрде өткізу туралы шешімге келген топтағы балалардың ата-аналары бұл ұсынысқа қуана тіл қатты. Сабақ балаларды этикетке үйретіп қана қойған жоқ, баланың ішкі әлеміне қозғау салды. Бұл туралы тақырыптардың өзі-ақ айтып тұр: «Салмақты деп кімді айтамыз?», «Қағидалар не үшін керек?», «Әдейі және байқаусызда», «Кешіре білуді үйренемін», «Төбелес неден болады?», «Жақсы және жаман әдеттер», «Менің ана тілім», «Сен неге ренжідің?» т. б. Кез келген педагог кез келген сабақта үйренген білімнің тәрбиелік те жағы болатынын біледі. Бірақ бұл – үстірт. Қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу көп жағдайда «Бұлай болмайды, бұлай істеу керек емес!» қағидаты бойынша жүреді.

Біздің сабақ жүйеміз бойынша жұмыс істеген екі жылда ғана конспектілерді Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының түрлі бөлімдерінде пайдалануға болатыны түсінікті болды. Қарым-қатынас мәдениетіндегі ең басты нәрсе – сыпайылық, әдептілік, салмақтылық, адамгершілік қасиетін сақтау. Ересектер тобындағы балалар материалды саналы түрде қабылдайды, жоғарыда аталған ұғымдар оларға түсінікті.

Қалыптасқан қабілет пен дағдылар баланың қоршаған әлемге бейімделуіне көмектеседі.

 

Рухани қасиеттердің ішінде Отанға деген сүйіспеншілік айрықша орын алады. Біз патриоттық тәрбиені жеке тармаққа бөліп қойдық. Бізді туған тілге, халық өнеріне, салт-дәстүріне деген қарым-қатынас алаңдатады. Педагогтар «Мәңгілік Ел» патриоттық актісінің жеті құндылығы негізінде патриоттық-адамгершілік тәрбие беру жөніндегі «Мен, менің отбасым, менің қалам, менің елім!» жобасын әзірлеп, енгізді, оған: ата-аналар мен педагогтарға арналған сауалнамалар, Қазақстан халықтарының тілдері күні, ҚР Тұңғыш Президенті күні, ҚР Тәуелсіздік күні, Наурыз, Қазақстан халықтарының бірлігі күні, Отан қорғаушылар күні сияқты мерекелерге арналған іс-шаралардың сценарийлері; патриоттық-адамгершілік тәрбие жөніндегі әңгімелер, сюжеттік-рөлдік ойындардың сипаттамасы, ата-аналарға арналған консультациялар, серуен-зерттеулер, тақырыптық бақылау енді.

Педагог еңбегінің мәдениеті оның жеке мәдениетінің, тіпті қызметкерлердің, айналасындағы адамдардың деңгейімен байланысты. Қазақстанның болашақ азаматының, балабақшаның қазіргі тәрбиеленушісінің мәдениеті балабақшаға ғана емес, отбасына да байланысты. Өкінішке орай, ата-аналардың бір бөлігі негізінен мектепке дайындықты мақсат етіп, өмірде білім ғана маңызды емес екені жайлы ойланбайды. Ата-аналардың тағы бір бөлігі күнкөріс қамымен жүріп, балаларына тиісті назар аударуға шамасы келмейді. Бала үшін ашық-жарқын әңгіменің орнына «мәнерлі тілмен» айтылған балағат сөз естігеннен жаман нәрсе жоқ. Туған тілдің бүлінгені өкінішті, адамгершіліктің түсіп кеткені ұят.

Өз туған мәдениетінің дәстүрлері мен салттарын құрметтей отырып, кез келген халықтың мәдениетіне құрметпен, барынша ықыласпен қараған жөн және бұған балаларды мүмкіндігінше ерте үйрету керек.

Просмотров: 285


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст