12.01.2026
ҚР БҒМ 19.06.2020ж. № 254 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына және «Мектепке дейінгі тәрбиеге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі пилоттық жобаның кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 05.01.2026 жылғы 30 желтоқсандағы № 372 бұйрығына сәйкес Ақмола облысы бойынша білім беру қызметтерін алушылар бойынша ваучерлік қаржыландыруды ескере отырып оқыту бірыңғай электрондық кезек енгізілді (белгілі бір балабақшаға кезек жоқ). Мектепке дейінгі ұйымдар баланың туған жылына сәйкес бос орындарды қалыптастыратын болады. Келесі өтінім оларды кезекке қосу күніне қарай басымдық тәртібімен өңделеді.
Akmola.kz ақпараттық жүйе үміткерлерге кезекке өтінім беруге, берілген өтінішті өзгертуге (байланыс деректерін редакциялауға), өтінішті кері қайтарып алуға (оны жоюға), мемлекеттік немесе жеке меншік мектепке дейінгі ұйымға жолдама алуға, мүдделілік танытуға мүмкіндік береді.
МАҢЫЗДЫ! Ата-ана (заңды өкіл) ЭЦҚ (электрондық цифрлық кілт) арқылы Akmola.kz ақпараттық жүйесінде барлық қажетті операцияларды орындайды: жүйеде тіркейді, баланы кезекке қояды, мүдделілігін растайды, мемлекеттік немесе жеке меншік балабақшаға қабылдау үшін жолдама алады.
Назар аударыңыз! ЭЦҚ кілті - құпия ақпарат, оны үшінші тұлғаларға бермеу керек!!!
Біздің мектепке дейінгі ұйымда «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» жұмыс істейді. Егер Сізде қиындықтар болса, біздің мектепке дейінгі ұйымға хабарласыңыз және Сізге жауапты қызметкерлер көмектеседі.
Құрметпен, Шаңтөбе кентіндегі «№ 6» Мерей «балабақшасы» МКҚК әкімшілігі