ҚР Білім және ғылым министрінің 19.11.2021 № 568 және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.11.2021 № 432 «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтарын қызметке тағайындау, қызметтен босату қағидаларын бекіту туралы» бірлескен бұйрығына сәйкес.
Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Шаңтөбе кентіндегі № 6 "Мерей" балабақшасы "МКҚК.
Мекен-жайы: Ақмола облысы, Степногорск қаласы, Шаңтөбе кенті, 1 ықшам ауданы, 22 ғимарат, тел. 8 (71640) 5-14-44, электрондық мекен-жайы: sadshan@mail.ru бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:
1, Орыс тілінде оқытатын тәрбиеші - 1 ставка, жалақы 85000тг.,
Функционалдық міндеттері:
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, тәрбиеленушілерді оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;
тәрбиеленушінің жеке басының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оның әлеуметтенуіне ықпал етеді, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдеседі;
тәрбиеленушілердің жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын пайдаланады;
іс номенклатурасына сәйкес тәрбиешінің құжаттамасын жүргізеді;
тәрбиеленушілердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес тұлғалық, жүйелі-қызметтік, пәндік нәтижелерге қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, қызығушылықтары мен бейімділігін зерделейді;
интерактивті оқу материалдары мен цифрлық білім беру ресурстарын пайдалана отырып, сабақтарды қашықтықтан ұйымдастырады;
әдістемелік бірлестіктердің, мұғалімдер қауымдастығының, әдістемелік, педагогикалық кеңестердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады;
ата-аналарға арналған педагогикалық консилиумдарға қатысады;
ата-аналарға кеңес береді;
кәсіби құзыреттілігін арттырады;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау ережелерін сақтайды;
білім беру процесі кезеңінде тәрбиеленушілердің өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;
ата-аналармен немесе оларды алмастыратын адамдармен ынтымақтастықты жүзеге асырады;
Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы (https://adilet.zan.kz/rus/docs/K950001000_#z63), «Білім туралы» (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z070000319_#z2), «Педагог мәртебесі туралы» (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z1900000293#z4), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z1500000410#z33), «Қазақстан Республикасындағы тілдер (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z970000151_#z1) туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік медициналық-педагогикалық және түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының заңдары, Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын білім беру және өзге де нормативтік құқықтық актілер;
оқу пәнінің, оқу-тәрбие процесінің, оқыту және бағалау әдістемесінің мазмұны;
педагогика және психология;
пәнді оқыту әдістемесін, тәрбие жұмысын, оқыту құралдарын және олардың дидактикалық мүмкіндіктерін;
педагогикалық әдеп нормалары;
оқу кабинеттері мен қосалқы үй-жайларды жабдықтауға қойылатын талаптар;
еңбек заңнамасының негіздері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау ережелері, санитарлық ережелер мен нормалар.
Еңбекке ақы төлеудің мөлшері және өзге де шарттары:
Қызметкерге штат кестесіне сәйкес лауазымдық жалақы белгіленеді.
Жалақы ақшалай нысанда: ай сайын шот карталарына келесі айдың 10-на дейін төленеді.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бағыты бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі немесе техникалық және кәсіптік педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 11.06.2025 -19.06.2025.
Құжаттар тізбесі:
1) 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілген құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтінішті осы Қағидаларға сілтемеге (https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1200007495#z463) көшіңіз;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты жерінің мекенжайын және байланыс телефондарын көрсете отырып - болған жағдайда);
4) Педагогтардың үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2000021579#z3) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (зар